ТЕКЕЛІДЕ МҰҚТАЖ ӘЙЕЛДЕРГЕ ТЕГІН ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН САЛОН АШЫЛДЫ

Уақыты: 15.09.2020
Оқылды: 1741
Бөлім: ОН САУСАҚ

Текелі қаласында жаңа әлеуметтік сұлулық салоны ашылды. Салон иесі жұмсалған қаражатты арнайы ұйымдастырылған конкурс кезінде ұтып алған.

Халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министірлігінің бірлескен жобасы аясында ұйымдастырылған конкурсқа жерлесіміз Мұхамади Шыңғысхан Асқарұлы қатысып, жоба грантын жеңіп алған.

Бүгін, міне, Текелі қаласынан «Айя» әлеуметтік сұлулық салонын ашып отыр. Бұл нысанның ерекшелігі, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тегін қызмет көрсететін болады.

Атап өтсек, жоба 14 және 29 жас аралығындағы жастар арасында өткізіліп, еліміздің әр облысын қамтыған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"