НЕКЕ КУӘЛІГІН ҚАЙТАДАН АЛУ ҮШІН ЕШҚАЙДА БАРУДЫҢ ҚАЖЕТІ ЖОҚ

Уақыты: 20.10.2020
Оқылды: 2968
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамаларды алу қалай жүзеге асады? Бұл туралы Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары айтып берді. Сонымен, АХАТ бөлімі арқылы алынатын негізгі куәліктердің қайталама баламасын немесе құжат туралы анықтамаларды электронды форматта алу жолы қандай?

Egov.kz порталына кіріңіз; іздеу жолында «Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру» деген қызмет атауын теріңіз; қызмет парақшасынан онлайн алуға болатын куәліктер тізімінен қажеттісін таңдаңыз; куәлік атауын басу арқылы қызмет алу парақшасына өтіңіз; портал талап еткен барлық мәліметтерді толтыру арқылы қызметке онлайн тапсырыс беріңіз.

Қандай куәліктердің қайталама баламасын немесе анықтамасын онлайн алуға болады? Олар мыналар: некеге тұру туралы куәліктің; некені бұзу туралы куәліктің; туу туралы куәліктің; атын, тегін, әкесінің атын өзгерту туралы куәліктің; әкелік құқықты бекіту туралы куәліктің; ұлды/қызды асырап алу туралы куәліктің қайталамасын рәсімдей аласыз.

Қызмет  көрсету құны: қайталама куәліктер үшін – 1 АЕК. Анықтама үшін – 0,3 АЕК.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан