ЗЕЙНЕТАҚЫҒА ҚАТЫСТЫ САУАЛ ЖОЛДАҢЫЗ, МАМАНДАР ЖАУАП БЕРЕДІ

Уақыты: 26.11.2020
Оқылды: 1039
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

2020 жылдың 27 қарашасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күнін өткізеді. Бұл жайында ақпарат Алматы облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланды.

Ашық есік күнінің тақырыбы: «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау».

Күн тәртібіндегі басты мәселе колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін Қордың жұмысымен және еліміздің зейнетақы жүйесімен таныстыру болады. Көпшілігі болашақта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларына айналады, бірақ қазірдің өзінде біз олардан көптеген сауалдар күтеміз.

БЖЗҚ мамандары оларға Қазақстанның зейнетақы жүйесінің ерекшеліктері, өздерінің зейнетақы капиталын қалыптастырудың маңыздылығы, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілдері туралы баяндап, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны есептейді. Қордың салымшылармен өзара іс-қимыл арналары туралы және тағы басқа көптеген ақпаратпен бөліседі.

Ашық есік күніне қатысуға ниет білдірген әр адамның үйден шықпай-ақ, іс-шара тақырыбы ғана емес, жалпы зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сауалдарға жауап алу мүмкіндігі болады.

Естеріңізге сала кетейік, Ашық есік күні онлайн-форматта 27 қарашада сағат 10:00-де, 12:00-де және 15:00-де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушы осы сілтеме (үстінен басыңыз) бойынша өтуі керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 176 473 7120 және event-мәжіліс паролін 27112020 енгізіңіз.

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушылар мен барлық қатысуға ниет білдірушілерді Ашық есік күнінде күтеді!

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"