ЖАСЫ 60-ТАН АСҚАН АРДАГЕРЛЕР НАЗАРЫНА! МҰҚАҒАЛИҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ

Уақыты: 06.02.2021
Оқылды: 1345
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесі қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім» атты жыр байқауын өткізеді. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Байқау шарты бойынша қатысушылар Мұқағалиға арнау өлеңін (бұрын еш жерде жарияланбаған) жазбаша жолдайды және ақынның бір өлеңін мәнерлеп оқып, әлеуметтік желідегі Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің Фейсбук, (үстінен басыңыз) парақшасын (парақша іздеу жүйесінде "Қала ардагерлерінің тынысы" деп тұрады) белгілеп, жариялайды. Байқауға жасы 60-тан асқан ардагерлер, зейнеткерлер қатыса алады.

Өтетін мерзімі: 2021 жылғы 18, 19 ақпан. Байланыс телефоны: 8 (7282) 24-08-22, электронды пошта: tdk.ardager@mail.ru

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"