4-СЫНЫПТА ОҚИТЫН ЖАС АКТЕР: "МҰҚАҒАЛИ ПОЭМАСЫН ЖАТҚА ОҚИМЫЗ"

Уақыты: 10.02.2021
Оқылды: 1072
Бөлім: РУХАНИЯТ

Мұқағали - қазақтың мұзбалағы, өзінен кейінгілер үшін үлгі, жас ұрпақ - біз үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

Ақын өлеңдерін жатқа білмейтін жас ұрпақ кемде-кем. Мұқағали атамыздың туған күніне орай Талдықорған қаласы «Жастар» саябағында орналасқан Мұқағали атамыздың ескерткішіне ұстазымыз Кендебай Темірбайұлы, Алмахан Кенжебекова апайымыз және он шақты «Жас актер» үйірмесінің шәкірті  карантин режимін сақтап, гүл шоқтарын қойып, атамыздың өлеңдерін жатқа оқып, тағзым етіп қайттық.

Кендебай Темірбайұлының жетекшілігімен жылда Мұқағали атамыздың «Алтай-Атырау» поэмасын сахнада қоямыз. Бұл біздің үйірменің дәстүріне айналған. Үйірмеге жаңадан қосылған әрбір шәкірт осы поэманы жаттаудан бастайды.

Мұқағали атамыздың әрбір өлең, поэмаларынан алатынымыз көп, тәрбиелік маңызы зор. Осы «Алтай-Атырау» поэмасынан 15 шумақты жатқа білемін. Атамыз өз өлеңдерінде өмірден көрген-білгенін терең жеткізеді. Адамдық қасиет, ар-намыс, жан күйзелісін жете суреттейді. Менің жаныма жақын, өзіме ұғынықты, сүйіп жатқа оқитын өлеңім – «Ей, өмір!»

Мұқағали атамыздың өлеңдері қазақ барда мәңгі өшпейді.

Әбілмансұр ТҰМАТАЙ,

№2 мектептің 4-сынып оқушысы

Талдықорған қаласы

Алматы облысы