АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ ОРАЙ 150-ДЕН АСА ІС-ШАРА ӨТТІ

Уақыты: 04.06.2021
Оқылды: 1540
Бөлім: РУХАНИЯТ

Алматы облысында Мемлекеттік рәміздер күніне орай 150-ден астам іс-шара өткізілді. Өңір тұрғындары түрлі акцияларда, флешмобтар мен байқауларда мемлекеттік рәміздерге деген құрметін көрсетті. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Ту, Елтаңба және Гимнді әспеттеген кезекті брифинг «Мемлекеттік рәміздер – елдігімнің белгісі» тақырыбымен өтті. Шараны «Jetisu Media» ақпараттық алаңы ұйымдастырды. Іс-шараға ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті» РММ бас маманы Марат Төлеужанов қонақ болып, мейраммен құттықтап, рәміздер күніне орай дайындаған баяндамасымен таныстырды. Сөз барысында мемлекеттік рәміздердің жаңа стандарты, қате-кемшілік болған жағдайдағы түзету шаралары баян етілді.

Өткізілген барлық іс-шаралар халықтың бойына адамгершілік-патриоттық сезімін ұялатып, мемлекеттік рәміздерге деген сүйіспеншілік пен құрметтің артуына ықпал етті.

Арайлым НҰРЖАПАР,

І.Жансүгіров атындағы ЖУ-дың студенті

Сурет ғаламтордан алынды