ТАЛДЫҚОРҒАННАН ШЫҚҚАН ӘНШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУДА БАС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

Уақыты: 19.07.2021
Оқылды: 1656
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорғандық әнші Рухия Байдүкен Витебскіде (Беларусь) өткен «Славян базары» халықаралық өнер фестивалінің бас жүлдесін иеленді. Бұл туралы "Жетісу" газеті БЕЛТА сайтына сілтеме жасап мәлімдеді.

«Славян базары» байқауының бас жүлдесін қазақстандық әнші Рухия Байдүкенге қазылар алқасының төрағасы Анатолий Ярмоленко табыстады. Байқаудың жабылу салтанатында Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

Рухия Байдүкен 1998 жылы Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол Қазақ Ұлттық өнер университетінде «Эстрада және вокал» мамандығында оқиды. Оның дауысы төрт жарым октаваға жетеді. Айта кетейік, «Славян базары» байқауы 1992 жылдан бері өткізіліп келеді. 2015 жылы Димаш Құдайберген, ал 2019 жылы – Әділхан Макин Қазақстан атынан қатысып, бас жүлде иеленген еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"