ТАЛДЫҚОРҒАНДА ОРАЗАҚЫН АСҚАР АУДАРҒАН ХАЛЫҚ ЖЫРЛАРЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Уақыты: 13.09.2021
Оқылды: 1345
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазақтың көрнекті ақыны Оразақын Асқар жинап, құрастырған «Досы көп ел – мәңгілік» атты кітаптың таныстырылуы өтті. Бұл туралы "Жетісу" газетінің тілшісі хабарлады.

С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасында өткен шараға зиялы қауым, І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті журналистика мамандығының студенттері қатысты.

Кітапхана бұрышына қойылған кітап көрмесін кітапхана қызметкері Назгүл Қамбаева таныстырса, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы этносаралық қатынастар жөніндегі бөлімінің бас маманы Әбілқайыр Оралов белгілі ақын Оразақын Асқар құрастырған кітап туралы тереңнен толғанды.

Жыр әлемінде өзінің қолтаңбасын даралап кеткен ғажайып ақынның бірі Оразақын Асқар көзінің тірісінде «Досы көп ел – мәңгілік» кітабын қазақ тіліне аударған. Осынау аталмыш кітапта топтапстырылған 50-ге жуық халықтық жырды қаз-қалпында хатқа түсіріп, қазақша сөйлеткенде өлеңдегі кестелі ой, келісті сөзді шайыр түпнұсқадан айырғысыз бедерлей біліпті. Осынау ерен еңбекті шара қонақтарына айшықтаған Ә.Оралов рухани істің негізгі мақсаты қазақ ақынының еңбегін насихаттау және ел бірлігінің берік екенін, өнері өзектес халық екенімізді таныту екенін де айрықша атап өтті.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы

Сурет ғаламтордан алынды