ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ ЕЛГЕ ТАНЫМАЛ 30 ТҮЛЕГІНЕ СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Уақыты: 10.12.2021
Оқылды: 1493
Бөлім: РУХАНИЯТ

Жетісу университетінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Менің Қазақстаным» атты фестиваль өтті. Бұл туралы аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Фестиваль аясында оқу орнының ректоры Қуат Маратұлы осы оқу жылы басталғалы бері үш бағыт бойынша өткен байқау жеңімпаздарын марапаттап, 30 жыл ішінде жеткен жетістіктерді атап өтті.

Салтанатты шарада оқу орнының 30 жетістігі жайлы бейнематериал көрсетіліп, университетте білім алған, бүгінде әр салада көптеген жетістікке жетіп, еліміздің дамуына айтулы үлес қосып жүрген 30 түлекті марапатталды. Түлектерге көрсетілген бұл құрмет қазіргі студенттерді қанаттандырып, оқу орны мен қоғам арасындағы байланысты нығайтады.

Салтанатты кеште "Талдықорған әуендері" фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблінің әншілері мен студенттерден құралған «Жас түлек» театры, «Шағала» би тобының мүшелері өнер көрсетіп, көрерменді эстетикалық ләззатқа бөледі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"