ОҚУШЫЛАР САНЫ 600-ДЕН АСАТЫН МЕКТЕПТЕР ОНЛАЙН РЕЖИМГЕ КӨШТІ

Уақыты: 14.01.2022
Оқылды: 1199
Бөлім: РУХАНИЯТ

Елімізде орын алған жаппай тәртіпсіздік Талдықорған қаласын да айналып өтпегені белгілі. Облыста Төтенше жағдай жарияланып, көптеген мекемелер уақытша жұмысын тоқтатқан еді. Қазіргі таңда облыста жағдайдың тұрақталуына байланысты бірқатар мекемелер жұмысына қайта кірісті. Бірақ мектеп оқушыларына қатысты өзгерістер бар. Жекелей атап айтқанда:

  • Талдықорған қаласындағы ірі және шағын сауда орындары, базарлар, дәріханалар ашық (сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін). Халыққа қажетті азық-түлік, дәрі-дәрмек жеткілікті.
  • «Жедел жәрдем» қызметі үздіксіз жұмыс істеп тұр.
  • Жанар-жағар май құю бекеттері ашық.
  • Екінші деңгейлі банктер жұмысқа кірісті. Банкоматтарда қолма-қол ақша жеткілікті.
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады (сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін).
  • Мектеп оқушылары қазір демалыста. Демалыстан кейін 600 орынға дейінгі мектептер штаттық режимде жұмыс істейді. Оқушы орны 600-ден жоғары мектептерде оқыту онлайн режимде жүргізіледі.
  • Балабақшалар 17 қаңтарға дейін жұмысын уақытша тоқтатты. 17 қаңтардан кейін ата-аналардың өтініші бойынша қызмет көрсетеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"