ТАЛДЫҚОРҒАНДАҒЫ ЖАППАЙ ТӘРТІПСІЗДІК: ЕКІ ОҚУШЫ ҮЙҚАМАҚТА ОТЫР

Уақыты: 07.02.2022
Оқылды: 1435
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорғанда жаппай тәртіпсіздік кезінде ұсталған екі оқушы үйқамақта отыр. Олар мектепке бармайды. Білім басқармасының мәліметінше, балаларға ұялы телефон мен компьютерді пайдалануға тыйым салынған.

Үйқамақта отырған балалар - 10 және 11 сынып оқушылары. Талдықорған қалалық білім бөлімінің басшысы Роза Барманованың сөзінше, үйқамақта отырған оқушылар еркін оқу форматында білім алуда.

- Олар еркін оқу форматында білім алуда. Бізде асинхронды оқыту жүйесі бар, мұнда оқушының тәуелсіз білім алуы қарастырылған. Бірақ бұл баланың қалаған уақытында сабаққа қатысады деген сөз емес, міндетті түрде мұғаліммен келісу қажет. Содан кейін бөлімдер мен тақырыптар бойынша сұрау алынады. Біз үнемі ата-аналармен байланыста отырамыз. Біз үшін баланың мектепті бітіріп, аттестат алғаны бәрінен маңызды, – деді ол ақпарат құралдарына берген сұхбатында.

Оқушылардың ата-аналарының сөзіне сенсек, сол күні оқушылар көшеге кездейсоқ шығып қалған. "Бірақ мен олардың әрекетін құптамаймын", – деп қосты Р.Барманова.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"