АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ ОН ЖЕТІ МЕКТЕП, ЕКІ КОЛЛЕДЖ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Уақыты: 14.02.2022
Оқылды: 1319
Бөлім: РУХАНИЯТ

Алматы облысында 20 білім беру нысаны жаңартылады.

Алматы облыстық білім басқармасы өткен жылы атқарған жұмысын қорытындылап, алдағы жоспарларын жариялады. Өткен жылы 18 мектеп күрделі жөндеуден өткен, бұған қазынадан 8,3 млрд.теңге бөлінді.

«2021 жылы өңірдегі 8 мемлекеттік және 7 жекеменшік мектеп іске қосылды. Сондай-ақ, білім күні қарсаңында Панфилов ауданы Аққұдық ауылында апаттық мектептің орнына 120 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мектеп құрылысын жүргізудегі басты мақсат - үш ауысымды оқытуды жою. Бұл мақсатта Іле, Қарасай, Талғар аудандарында 7 жоба жосапарланып, 6-уы енгізілді. Айта кетейік, Қарасай ауданы Үштерек ауылындағы 600 орынды мектептің құрылысы келісімшартқа сәйкес 2022 жылдың наурыз айында аяқталады деп күтілуде», - делінген білім басқармасының хабарламасында.

Бүгінде Талдықорған музыка колледжіне арналған 100 орынды жатақхана құрылысының жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, Қаратал ауданы Үштөбе қаласындағы жаңадан салынып жатқан гуманитарлық колледжге арналған 30 орынды жатақхана құрылысын салу шарты жасалуда. Талғар агробизнес және менеджмент колледжінің 112 орынға жатақханасын реконструкциялау жоспралануда.

Биыл Алматы облысында 17 мектеп, 2 колледж, 1 балабақша, ұзын-саны 20 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда. Бұған 10.8 млрд.теңге қарастырылған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"