АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА "МЫҢ БАЛА" ОЛИМПИАДАСЫНА ТІРКЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР

Уақыты: 10.03.2022
Оқылды: 1110
Бөлім: РУХАНИЯТ

"Мың бала - 2022" олимпиадасына тіркелу науқаны 19 ақпанда басталды. Олимпиада «Елбасы академиясы» қоры мен Алматы облысы білім басқармасының қолдауымен өткізіледі. Биыл ауыл мектептерінің 30 мыңнан аса оқушы (5-6 сынып) қатысады деп күтілуде. Тіркеу осы жылдың 20 наурызға дейін жалғасады.

Олимпиада жеңімпаздары облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға түсуге мүмкіндік алады.

Байқау мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының таланттары мен қабілеттерін дамыту және қолдау үшін жағдай жасау, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерде оқу үшін неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу.

I кезеңге қатысу үшін олимпиадаға қатысушылар тиісті жылдың күнтізбелік 30 күні ішінде онлайн-платформада тіркеуден өтеді. Тіркеу аяқталғаннан кейін күнтізбелік 15 күн ішінде қатысушылар үшін онлайн режимде тестілеуге қолжетімділік беріледі.

ІІ кезеңнің өтетін күні мен орны туралы мәліметтер, сондай-ақ, олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысушылардың тізімі компьютерлік тестілеу өткізілгенге дейінгі күнтізбелік 10 күн бұрын ресми интернет ресурстарда жарияланады.

Іріктеу компьютерлік тестілеу нәтижесі бойынша жүргізіледі.

Үздік шыққан мың оқушыға олимпиада дипломы беріледі. Диплом тапсыру үшін ІІ кезеңнің жеңімпаздары күшейтілген санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, тұрғылықты өңірлері бойынша марапаттау рәсіміне шақырылады. II кезеңнің жеңімпаздарына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген квотаға сәйкес дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерге қабылдау мүмкіндігі беріледі.

Атап айтсақ, 2021 жылғы «Мың бала» олимпиадасы облысымызда оң нәтиже көрсеткен еді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"