ЖЕТІСУ ЖУРНАЛИСТЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНА ҚАТЫСТЫ ПІКІР БІЛДІРДІ

Уақыты: 16.03.2022
Оқылды: 1525
Бөлім: РУХАНИЯТ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауынан кейін «Өлке тынысы» ЖШС қызметкерлері және сол мекемеге қарасты облыстық «Жетісу» мен «Огни Алатау» газеттерінің журналистері ойларын ортаға салды.

«Өлке тынысы» ЖШС директоры Мейрам Базарұлы Жолдауды жан-жақты саралап айтып, маңыздылығына тоқталды. Басқосуда Алматы облысының екіге бөлінуі туралы сөз болды. Келешекте екі аймақтың да қай салада болсын ілгерілейтіндігі айтылды.

«Жетісу» газетінің бас редакторы Әміре Әрін Президент Жолдауынан кейін көп істің оң бағытқа бет түзейтінін айта келіп, осыған дейін партия құру ұжымдаса салатын жеңіл дүние еместігін түсіндіріп, алдағы уақытта олардың ел үшін жұмыс істейтініне, сондай-ақ, жастардың жан-жақты білімді болып, болашақта елдің көркеюіне үлкен үлес қосатындығына сенім білдірді. Бас редактор бұқаралық ақпарат құралдарына деген қолдаудың ерекшелігіне тоқталып, Президент айтқандай, еркін әрі бәсекеге қабілетті журналистік орта қалыптастыру қажеттігін сөз етті.

Өз кезегінде «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов та Жолдаудың ел үшін тарихи оқиғаларға толы, мемлекет дамуы үшін үлкен қадам екенін айтып, әр бағыттағы істі ел мүддесі жолында жасалған шешімдер деп түйді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"