АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНА ОРАЙ ІЗГІ ТІЛЕГІН ЖОЛДАДЫ

Уақыты: 21.03.2022
Оқылды: 1361
Бөлім: РУХАНИЯТ

Алматы облысының әкімі Қанат БОЗЫМБАЕВ барша жетісулықтарды Наурыз мейрамымен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.

- Құрметті жерлестер! Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен құттықтаймын! Наурыз - ғасырлар қойнауынан мәні мен мазмұны өзгермей жеткен көне дәстүр. Көктемгі тіршілік жанданатын шақта адамзат баласы да жаңаруға талпынады. Табиғатпен үндестікте өмір сүрудің үлгісін жаңғыртады. Шаруаға кірісіп, ізгі іс жасап, бауырмалдықты дәріптеп, ғұрыптарымызды паш етеді.

Бүгінде Ұлыстың ұлы күні барша жұртшылықты біріктірудің берік рухани діңгегі ретінде орнықты. Халықты елдік мақсаттар төңірегіне тұтастырды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының, ондағы түбегейлі реформалар туралы бастамалардың жыл басы Наурызбен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар. Бұл өзгерістер еліміз, соның ішінде, Алматы облысы облысы үшін де маңызды болмақ.

Жетісу өңірінің әрбір азаматы өзінің адал пейілімен, елжанды мінезімен, еселі еңбегімен жаңғыру жолына үлес қосады деп сенемін.

Қадірлі қауым! Әз-Наурыз әр шаңыраққа молшылық пен құт-береке, қуаныш пен бақыт әкелсін. Ұлыс мерекесі жақсылық пен жаңарудың бастамасы болсын.

Еліміздің әрдайым еңсесі биік болып, бейбіт өмірде берекелі ғұмыр кешулеріңізге тілектеспін. Баршаңызға амандық, ашық аспан, толайым табыс тілеймін! Ұлыс оң болсын, ағайын! - деді Алматы облысының әкімі.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"