Алматы облысының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық газеті

ТАЛАПКЕРДІ ОҚУҒА ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕСІ ӨЗГЕРДІ. МИНИСТРДІҢ БҰЙРЫҒЫ

Уақыты: 03.08.2022
Оқылды: 724
Бөлім: РУХАНИЯТ

Еліміздің Оқу-ағарту министрі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына өзгерістер енгізді.

Ережеге сәйкес, кәсіпорындардың (ұйымдардың, мекемелердің) өтініші бойынша колледждер мен оқу орындарына түсетін талапкерлерді іріктеу ұйымның қабылдау комиссиясымен өткізген әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Кәсіпорындар өкілдерінің қатысуы міндетті  болады.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша педагогикалық, медициналық, сондай-ақ, өнер және мәдениет мамандықтарына оқуға түсушілер арнайы немесе шығармашылық емтихандар тапсырады және психометриялық тестілеуден өтеді.

Өнер және мәдениет мамандықтары бойынша арнайы немесе шығармашылық емтихан тапсыру кезінде үміткерлер конкурстарға, олимпиадаларға немесе спорттық жарыстарға қатысқан жағдайда емтихандар ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.

Білім алушылар құрамына қабылдау күнтізбелік жылдың 18 тамызына дейін кәсіпорындардың өтініші бойынша қабылдау комиссиясы отырысының хаттамасы негізінде ТжКБ ұйымы басшысының бұйрығымен жүзеге асырылады.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ