ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС: РАЙЫМБЕК АУДАНЫНДА 230 БАЛА САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНЕ АТТАНДЫ

Уақыты: 07.08.2022
Оқылды: 2567
Бөлім: РУХАНИЯТ

Райымбек ауданы бойынша биыл жазда 2 мыңнан аса бала әртүрлі демалыс орындарында, тарихи өңірлер мен сауықтыру лагерьлерінде уақыттарын мәнді де мағыналы өткізді.

Тамыз айының бас кезінен бастап Райымбек аудандық білім бөлімінің міндетті білім беру қоры есебінен Балалар жылы аясында 230 бала Текелі қаласындағы «Эделвейс» сауықтыру лагеріне аттанып кетті. Оқушыларды жазғы сауықтыру мен бос уақыттарын тиімді пайдалануға арналған бұл сапардың әсері мол болары даусыз. Ата-аналар қауымы балаларының осындай демалысына негіз қалаған аудандық білім бөлімінің басшыларына алғыстарын айтты.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

Райымбек ауданы

Алматы облысы