ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕСКЕРТКІШТЕРІ ӘЛІ ДЕ ЗЕРТТЕУДІ ҚАЖЕТ ЕТЕДІ - ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ

Уақыты: 23.11.2022
Оқылды: 1916
Бөлім: РУХАНИЯТ

Еңбекшіқазақ ауданында Орталық Азия жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған ғылыми конференция өтті.

«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығында дәстүрлі "ІІІ Есік оқулары. «Орталық Азияның жазба ескерткіштері. Аударма және интерпретациялау мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.

Конференция жұмысына Қазақстанмен қатар Түркия, Қырғызстан, Монғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Бельгия, Ресей елдерінен 50-ге жуық ғалым қатысты. Конференцияны ашқан «Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Гүлмира Мұхтарова қазіргі таңда музей-қорығында істеліп жатқан ауқымды ғылыми жұмыстар барысына тоқталды.

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның пленарлық отырысында А.Гаркавец, Д.Байқонақов С.Бочаров, К.Табылдиев, Т.Әбдиев. А.Подушкин, И.Жеменей, Ғ.Жәкей сынды белгілі ғалымдар баяндама жасап, көне жазба ескерткіштерін жаңаша зерделеу бағытында тың ойларын ортаға салды.

Басқосуда ежелгі заман жазуы, аңыз, таңба (белгі), символдар мәні сондай-ақ, жазу мәдениетін өнердің символы ретінде археологиялық, этнологиялық, мәдениеттану, өнертанушылық тұрғыдан қарастыру мәселелері жайы әсерлі әңгіме айтылды. Шарада археологиялық қазба жұмысының нәтижелері мен зерттелуі талқыланып, ғалымдар өз тәжірибелерімен бөлісті.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"