АХМЕТ ТОЙЫ АНКАРАДА

Уақыты: 27.12.2022
Оқылды: 1573
Бөлім: РУХАНИЯТ

Ағартушы, Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі аясында Анкарада «Жетісу» фольклорлық оркестрінің концерті болып өтті. 
Түрік Мәдениеті Халықаралық Түріксой ұйымы, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігі және «Көкту» қазақ мәдениеті қоғамының  ұйымдастыруымен өткен концертте Жетісу өңірінен келген өнерпаздар қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарының сүйемелдеуімен өнер көрсетіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді.
Анадолы төріндегі төл өнерімізді сағынған қандастар мен қазақ өнеріне ерекше қызығушылықтағы түрік жұрты шараны жоғары бағалады.

Жансая БИҚҰРМАН