"ГАРВАРДҚА ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ?". НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ ФОРУМ ӨТТІ

Уақыты: 13.01.2023
Оқылды: 1690
Бөлім: РУХАНИЯТ

Назарбаев Зияткерлік мектебінде Самғау форумы өтті. Мұнда мекетп түлектері «Mассачусетс университетіне қалай түсуге болады?», «Гарвардқа түсуге қойылатын талаптар», «робототехника саласы мамандық таңдаудағы әсері», «американдық мұнай компаниясында жұмыс тәжірибесі» тақырыбын кеңінен тарқатты.  

Басқосуға  300-ден астам қатысушы жинады. Шара барысында Гарвард университетінің екінші курс студенті Сезім Ертанатов пайдалы кеңестермен бөлісіп, әрбір оқушының «Гарвардқа қалай түсуге болады?» деген көкейіндегі сауалына жауап берді.

– Оқудағы жетістіктерім, көшбасшылық қасиеттерім, үлкен жұмыс қабілетім жоспарымды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Гарвардқа түсу кездейсоқ мәселе емес, тынымсыз еңбектің нәтижесі. Қол жетпес асу жоқ, арман болса орындалмайтын ешнәрсе жоқ», – деді Сезім Ертанатов.

2018 жылдың түлегі Антон Моргунов: "Самғау форумының пайдасы өте көп. Бұл таңдаулы университеттерге түсудің егжей-тегжейлері туралы, сондай-ақ мамандық таңдауда неге назар аудару керектігін білесің. Мәселен, мен үшін математиканың терең құралдары қаншалықты қажет болатыны таң қалдырды, - деді.

Антон АҚШ-тың бес үздік университетіне шақырту алған дарын иесі. Қазіргі уақытта MIT (Массачусетс технологиялық институты) 4 курс студенті. Сонымен қатар, халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы. Қазақстандағы мектеп оқушылары үшін тегін онлайн сабақтар өткізетін "Beyond Curriculum" білім беру онлайн платформасының негізін қалаушы болып табылады.

Зияткер оқушылар форумның арнайы сессиясында түлектерді өздерінің ғылыми, әлеуметтік, шығармашылық және IT жобаларымен таныстырды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"