БАЛАБАҚША – ТӘРБИЕ МЕН БІЛІМНІҢ ЕҢ АЛҒАШҚЫ БАСПАЛДАҒЫ

Уақыты: 23.01.2023
Оқылды: 2206
Бөлім: РУХАНИЯТ

Білім беру балабақша табал­дырығынан басталады десек, ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада.

Осыған орай біз балалардың  тілін  дамыту үшін жаңа әдістермен технологияларды  қолданып түрлі іс-шаралар ұйымдастырамыз. Атап айтсақ, жуырда аудандық білім бөлімі және «Бөбек» балабақшасы ұжымының мұрындық болуымен «Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларды тәрбиелеу  мен оқытудағы  тиімді  іс-тәжірибие  алмасу» тақырыбында  аудандық семинар өтті.

Семинарды  аудандық 45-орынды  сауықтыру санаторлық балабақшасының меңгерушісі Сабира Бақберова  ашып, шараның  өскелең ұрпаққа маңыздылығын түсіндірді. Осыдан кейін балабақша әдіскері Бахтыгул Тохтыболатова «Жақсы көңіл-күй жан  азығы» тақырыбында тренинг жаттығу жүргізді. Мақсаты – педагогтардың психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық  қабілеттерін бағалай  білу, өздеріне  құрметтпен  қарау, ұжымда  сыйластық қарым-қатынас орнату. Жиында балабақша тәрбиешілері Айдана Бекболтқызы мен Аделям Езбаева «Рухани жаңғыруды ұлттық құндылықтар  арқылы  қалыптастыру», М. Кадырова  М. Нуркасымова  «Қыс  қызығы. Сандар  әлеміне  саяхат» тренинг тақырыбында өткізсе, Ересектер тобының тәрбиешілері Р. Өмірбек, А. Тұралбай «Марблс ғажайып  тастар  әлемі» атты  оқу  іс-әрекетінде Воскобович ойындарын қолдану тәжірибесін көрсетті. Ал А. Қыдырбекова мен Г. Вилахунова «Ойнайық та ойлайық» тақырыбында ойын іс-әректін жүргізді.

Басқосу соңында қатысушылар кезек-кезегімен сөз алып, осындай керемет шара өткізгені үшін ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді. Шұғыла» балабақшасының әдікері Айжан Досжан: «Рухани құндылықтарды  қалыптастыру» сабағында  ойын іс-әректі  кезінде  жүргізілген  сабақтардан құнды ақпарат алдық. ҰОҚ барысы  стандартқа сай  керемет жоғары  деңгейде  өтті. Бөбек ұжымына  шығармашылық табыс тілеймін, – деді.

 

 

Бахтыгул ТОХТЫБОЛАТОВА,
«Бөбек» балабақшасының әдікері
Пенжім ауылы
Панфилов ауданы