ШЕТЕЛДІК ЛЕКТОРЛАР МЕН МАГИСТРАНТТАРДЫ ТАРТУ

Уақыты: 24.01.2023
Оқылды: 1164
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазақстанда 2009 жылдан бастап «Қазақстандық жоғары оқу орындарына шетелдік ғалымдарды тарту» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол оқытуды интернационалдандыруға, қоғамда  университеттің тартымды имиджін  қалыптастыруға, студенттер мен оқытушылардың академиялық коммуникативтік дағдыларын дамытуға, білім беру бағдарламаларының сапасын  арттыруға, университет ПОҚ-ның халықаралық байланыстарын  кеңейтуге, шетелдік ғалымдармен бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын әзірлеуге, халықаралық ғылыми басылымдарда жарияланымдар санын көбейтуге, ғылыми жұмыстардың сапасын арттыруға, магистранттардың диссертациялық зерттеулеріне, әріқарай ғылыми және білім беру ынтымақтастығын қалыптастыруға ықпал етеді.

Осы бағдарлама аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, халықаралық қатынастар факультеті,  дипломатиялық аударма кафедрасы жыл сайын әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарын дәрістер оқуға, консультациялар мен семинарлар өткізуге шақырады.  Қонақтардың қатарында гуманитарлық ғылымдар магистрі Испания Лопес Де Арансивия Аранзазу және гуманитарлық ғылымдар магистрі Катрин Кристина Компе бар.

Кристина Компе  ДААД (Германияның академиялық алмасу қызметі) аға оқытушысы болып табылады және ҚР мен ГФР арасындағы 16.12.1994 жылғы  халықаралық мәдени ынтымақтастық шартымен еңбек келісіміне сәйкес бас консулдықпен жұмыс істейді. Лопес Де Арансивия Аранзазу Ла-Риоха университеті гуманитарлық ғылымдар магистрі, испан, ағылшын, итальян және орыс тілдерін жетік  біледі. Еңбек жолын кампус-био-медико Италия 2012 университетінде испан тілі оқытушысы  ретінде бастады. 2016 жылдан бастап Қазақстандық мәдени, әлеуметтік және білім беруді  дамыту қорында (ҚКСОР) волонтерлік  қызметпен    айналысады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті жыл  сайын 25-тен астам елдің студенттерін қабылдайды. Шетелдік  студенттер  университетте күндізгі бөлімде де, академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша да ғылыми-зерттеу жұмыстарына ғылыми  орталықтарға бара алады. 2022-2023 оқу жылында «7М02304»  – халықаралық қатынастар және құқық саласындағы аударма» мамандығына магистратура академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында  дипломатиялық аударма кафедрасына Франция, Пуатье университетінен Дурье Элизабет келіп бідім алуда.

 

А.С. СМАГУЛОВА,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
халықаралық қатынастар факультеті,
дипломатиялық аударма кафедрасының  доценті

Р.М. РАХИМБАЕВА,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
халықаралық қатынастар факультеті,
дипломатиялық аударма кафедрасының
аға оқытушысы