Қытай жырын қазақша сөйлетті

Уақыты: 23.05.2023
Оқылды: 1118
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазақ оқырмандарына жыл сайын әлем классиктерінің ғажайып шығармалары ұсынылып келеді. Жуырда ғана калифорниялық қытай ақыны әрі аудармашы Миң Дидің бірқатар шығармасы қазақ тілінде сөйледі.

Американың «Бүлдірген» әдеби маусымдық журналының, Роттердам халықаралық поэзия сайты қытайлық бекетінің редакторы, Берлин «Онлайн поэзиясының» селбесушісі болып жүрген Миң Ди поэзиясы бүгінде ерекше бағалануда. Оның лирикалық толғамдары мен парасатқа жетелейтін жырлары әлемдік әдебиет өкілдерінің ықыласын оятқан.

Қазақ аудармашысы Қажыбек Айдарханұлы сөйлеткен автордың бүгінге дейін Қытайда «Миң Ди таңдамалы жырлары», «Аккордқа бөлу», «Берлин хикаясы», «Періштенің бәрінде қанат және әнтек алабөтен құштарлық болады» жинақтары, шетелде «Жарылу», «Ай паршасы», «Ата шежіре», «Жеті жарлық кітабы», «Дүниенің жаралуы», «Құс аралы» кітаптары жарық көрген екен. Қытай тілінен ағылшын тіліне тәржімалаған «Бос орындық» атты кітабы Вашингтон дербес кітап бағалауында 2015 жылғы ең таңдаулы кітаптың бірі болып бағаланған. АҚШ поэзия журналының жылдық аударма сыйлығын және ЛОС қор қоғамының аударма сыйлығын еншілеген.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ