Елордада «Қос мұңлық» қойылымы сахналанды

Уақыты: 20.09.2023
Оқылды: 945
Бөлім: РУХАНИЯТ

Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры Елордаға гастрольдік сапармен барды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Олар «Қос мұңлық» қойылымын сахналады. Шығармаға жалғыз ұлының шаңырағына сыймай, қарттар үйін паналаған қарт ананың мұңлы тағдыры арқау болған.

Астанада бірнеше күн аялдайтын театр ұжымы бұдан бөлек, «Мұғалім», «Жалқаудың жыры» қойылымдарын да көрерменге ұсынбақ. Театрға келушілер сахна саңлағы саналатын ерекше өнер иесі - Бикен Римованың жеке заттары қойылған көрмені тамашалай алады.

Астананың жұртшылығына тартуымызбен келдік. Түрксой мәдениет үйімен бірлесіп жасап жатқан соң, ол кісілер апамыздың көрмесін Анкарада жасауға көмегін беріп жатыр, - дейді Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрының директоры Ерлік Жуасбек.

Еске салайық, биыл Қазақстанның Халық әртісі Бикен Римованың 100 жылдық мерейтойы.

Фото: ашық дереккөзден