Абай мұрасы - ұлттық құндылық

Уақыты: 09.08.2024
Оқылды: 1350
Бөлім: РУХАНИЯТ

2024 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында қазақтың ұлы тұлғасы Абай Құнанбайұлынның туған күніне арналған «Абай мұрасы - ұлттық құндылық» атты мерекелік іс-шара өтті. Аталған шара Ұлттық кітапхана алдындағы алаңда әдемі әуеннен бастау алды. 

Мерекелік іс-шараға 5571 әскери бөлімінің әскери қызметшілері, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Жақып Бауыржан; Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының «Халық әні» кафедрасының доценті Шүкіман Еркін және консерваторияның төртінші курс студенті, Республикалық конкурстардың лауреаты Мадияр Өмірғали орындады. Мерекелік іс-шараны Қазақ радиосы және "Шалқар" радиосының жүргізушісі Нәлібай Гүлмира жүргізді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметінің курсанттары:

Пивень Евгений Александрович – Жігіт сөзі «Айттым сәлем, қаламқас» сонымен қатар  Төлеген Ерасыл – «Қалың елім қазағым қайран жұртым» өлеңі, Абақан Ақжол – «Ескендір» поэмасын тебірене оқып берді.

Ғылыми әдістемелік бөлімнің жас маманы Алтынбек Қанат, Қазақстан кітаптары бөлімінің кітапханашысы  Жанболат Абайхан “Абайдың жас ұрпаққа өсиеті”-атты қойылымын қойды. Кеш барысында барлық қатысушыларына кітаптар мен алғыс хаттар табысталды.

Мерекелік ic-шара Назира Дәулетова атындағы көрме залында жалғасын тапты. Дөңгелек үстел бағдарламасында ғылыми баяндамамен Түркияның Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу әдеби ақпаратпен Алматы қаласындағы Иран Бас консулдығының Иран мәдени орталығының директоры - Хоссейн Агазаде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, ғалым, филология ғылымдарының докторы - Дандай Ысқақұлы, Мухтар Әуезов атындағы әдебиет және өнер иститутының бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты Альмира Қалиева қатысты.

Түркияның Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу өзінің баяндамасында былай деді- “Абай өскелен ұрпаққа үлгі болатын ұлы тұлға, Абай қаламмен күллі Түркі әлемін жаулаған ұлы адам. Сондай-ақ, Стамбул қаласында Абай атамыздың 17 кітабы жарық көргенін айтты.

Алматы қаласындағы Иран Бас консулдығының Иран мәдени орталығының директоры - Хоссейн Агазаде, Абай шығармаларындағы еңбек тақырыбы – шексіз зор, айта берсе сөз таусылмайды, зерттей берсе саф алтындай жарқырап, не бір інжу-маржандар алдымыздан шыға бермек. Абайдың тереңінде түп жоқ, Абайдың биігінде шек жоқ дей келе,

Жасай берсін Абай,

Жасай берсін Қазақстан

Жасай берсін Иран -деп өз сөзін тәмәмдады.

Іс-шара соңында, Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының директоры, Қазақстан Кітапхана Одағының Төрағасы Бақытжамал Оспанова барлық қатысушыларды Абай күнімен құттықтап, қатысушыларға кітаптар мен алғыс хаттарды табыстады.

Мерей Байсеркеева
аға лейтенант
Алматы қаласы