Бүгін қазақ драма театры алғаш рет құрылған күн

Уақыты: 13.01.2025
Оқылды: 512
Бөлім: РУХАНИЯТ

Осыдан 99 жыл бұрын дәл осы күні Қошке (Қошмұхамбет) Кемеңгердің «Алтын сақина» пьесасымен қазақтың бірінші кәсіби ұлттық театры  Қазақ драма театры ресми ашылды. Қазір де М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры болып халыққа қалытқысыз қызмет етіп келе жатқан киелі шаңырақ үшін мерейлі күн бүгін. 

Өнер ұжымы алғаш рет 1925 жылы Қызылорда қаласында ұйымдастырылды. 1929 жылы театр труппасы Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы академиялық мәртебесін алса, ал 1961 жылы қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің есімі берілді.

Театр сахнасында халық шығармашылығының танымал шеберлері: Иса Байзақов, Әміре Қашаубаев, Серке Қожамқұлов, Қалибек Қуанышбаев, т. б. өнер көрсеткен. 1926-1932 жылдары театрға актер және режиссер Жұмат Шанин басшылық жасаған.

 

Фото: booksite.ru