Оқи отырыңыз
« Ең сауы – мен »
Әріптестерімен бірге болып,түн ортасында қызыңқырап үйіне оралған Әбен ағамыз қоңырауға қолы жетпей табалдырықты тықылдатса керек.
- Сонша ішіп не көрінді? - деп ренжиді жеңгеміз.
- Тсс!.., - депті еңбектеген беті ішке кірген ол. - Қалғандар кабинетте құлап қалды, ең сауы – мен...
Тұрлыхан КӘРІМ