Оқи отырыңыз
Жетісу облысының командасы – «Асыл домбыра» жобасының үшінші маусымының жеңімпазы атанды.
2024 жылғы қыркүйек пен желтоқсан аралығында «Хабар» арнасында өткен маусымның жүлдесін жерлестеріміз жеңіп алды.
«Асыл домбыра» жобасы – айтыс өнері мен қазақ халқының рухани құндылығы және мәдени мұрасының символына айналған домбыраны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге бағытталған. Жоба аясында талантты ақындар мен өнерпаздар баға жетпес дәстүрлерді дәріптеп, оларды жаңа деңгейге көтерді.
Марапаттау рәсіміне дейін жеңімпаз командаға берілетін қасиетті домбыра М.Тынышбаев атындағы музейге қойылды. Ол мұражай экспозициясының бір бөлігі әрі ұлттың рухани байлығының символы болмақ.
"Жетісу-Ақпарат"