Оқи отырыңыз
« Жұмыста көреді, үйде көрмейді »
- Көзім жұмыста көреді, үйде көрмейді, - деп ақын Әбен Дәуренбеков дәрігерге шағым жасапты.
- Көзіңіз орнында, - дейді емдеуші қайта - қайта қарап.
- Көзілдірігіңізді тексертіңіз?..
- Бекер медик боласың ба, "диагнозың" дұрыс екен, - деп екі күннен кейін оралған ол дәрігерге. – Жұмыстағы көзілдірігімде әйнек бар, үйдегісінде жоқ екен, –депті.
Тұрлыхан КӘРІМ