Оқи отырыңыз
«Көтеруге жеңіл...»
Автобустан түскен ақын Әбен Дәуренбеков бір қойдың етін әрең көтеріп келе жатса, жолдан жолыққан Жұматай ақын артынан қауғалап өз үйіне кіргізіп жіберіпті. Ет піскесін: «Қайыпжамал, жеңгей, көп болды сізді көрмегелі. Қой сойып едік... келіп ет жеп, сорпа ішіп кетіңіз...» дейді.
Келсе, төрде Әбекең жатыр.
– Ойбой-оу, Жаркентке қой әкелуге кетіп едіңіз...Мына жатысыңыз не!? – дейді күйеуіне таңырқай қараған жұбайы.
– Әкелдім. Бір асымын Жуматай мен келінге беріп, оның жартысын өзіміз жейік деп сені шақырттым. Қалғаны көтергенімізге жеңіл ғой... - депті Әбекең.
Тұрлыхан КӘРІМ