Қазақы қалжың

Уақыты: 08.04.2025
Оқылды: 453
Бөлім: РУХАНИЯТ

                     « Ұзындығың баладай... »

Қарымды қаламгер ағамыз – Елжас Бейсенбек көп жылдар Талдықорған облыстық  «Октябрь туы» (кейіннен «Жерұйық»)  газеті бас редакторының орынбасары қызметін атқарды. Толық келген, аласа бойлы кісі еді. Үлкен - кішіні қалжыңмен қағытып жүретін Жұматайға: « Маған да бір өлең шығарсаңшы? » десе керек. « Елаға - ау, сіздің бойыңызда кемшілік жетерлік қой. Оны айтсам жұмыстан шығарып жіберуіңіз кәдік » дейді еркелей. « Шындығын айтсаң… бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ » деп ағасы ұрықсатын береді. Сонда Жүкең:

« Ұзындығың баладай,

Семіздігің танадай.

Замредактор боласың,                                   

Арт жағыңа қарамай…», деген екен. 

Тұрлыхан КӘРІМ