ЖЕҢІСКЕ - 75 ЖЫЛ: СОҒЫС ТУРАЛЫ ТӨРТ ПОВЕСТЬ ОҚЫРМАНҒА ЖОЛ ТАРТТЫ

Уақыты: 06.05.2020
Оқылды: 1023
Бөлім: РУХАНИЯТ

Жеңістің 75 жылдығына «Раритет» баспасы тамаша тарту әзірледі. Бұл баспа «Соғыс жаңғырығы» («Эхо войны») деген атпен қазақтың төрт жазушысының шығармасын орыс тілінде жинақ етіп шығарды.

Жинақта Естай Мырзахметовтің «Шамшырақ», Кәрібай Ахметовтің «Жеңіс жауынгері», Жәлел Қизатовтың «Соғыс қасіреті», Нағашыбек Қапалбекұлының «Өрік ерте гүлдеген жыл» атты повестері жарияланған. Шығармаларды орыс тіліне аударған белгілі ақын, прозаик, аудармашы - Амантай Ахетов.

Көлемі отыз бес баспа табақ болатын кітап бес мың данамен жарық көрді. Соғыс және оның зардабы жайлы әңгімелейтін құнды бұл шығармалар оқырманды елжандылыққа, патриоттық рухқа тәрбиелейтін дүние болып табылады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"