КАРАНТИН КЕЗІНДЕГІ ҰБТ (ТЕСТІЛЕУ) ҚАЛАЙ ӨТЕДІ? МАМАНДАР ТҮСІНДІРДІ

Уақыты: 29.05.2020
Оқылды: 991
Бөлім: РУХАНИЯТ

«Жетісу медиа» ақпараттық алаңында «2019-2020 оқу жылының қорытындысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті. Алматы облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Сәуле Қабимолдаева мен аталмыш департамент басшысының орынбасары Айымгүл Құлахметова журналистермен жүздесті. Жүздесуде карантин режиміне орай аттастат алу салтанаты мен ҰБТ сынағын тапсыру шараларына енгізілген өзгерістер баяндалды.

– Маусым айының 3-4-і күндері түлектерге аттестат салтанатты түрде табысталады. Аталмыш шара аясында соңғы қоңырау соғылады. Бұл әр мектеп аумағында, ашақ алаңда санитарлық нормалар сақтала отырып жүзеге асатын болады. Түлектер мектеп формасында, бетперде киіп, арақашықтықты сақтай отырып осы салтанатты өткереді және шара ұзақтығы 20 минуттан аспайды. Ата-аналардан басқа бөгде адамдарға қатысуға рұқсат етілмейді, – деген Сәуле Нұрханқызы өз кезегінде Ұлттық бірыңғай тестілеу жөнінде кеңінен тоқталып өтті.

ҰБТ жоспарланған 20 маусым – 5 шілде аралығында жүзеге асатын болады. Короновирус пандемиясы салдарынан ағымдағы жылы ҰБТ тапсыру құжаттары, дәстүрлі жолмен қатар онлайн тәртібімен де қабылданған. Облысымызда биыл 15 мыңнан астам түлек мектеп бітірсе, соның 75 пайызы, яғни, 11 мыңнан астамы ұлттық бірыңғай тест тапсыруға ниет білдірген.

Ескере кететін жайт, тестілеу сынағын тапсыру шаралары да күшейтіліп отыр. Тестілеуге кіргізу барысында тыйым салынған затпен анықталған түлек сынаққа жіберілмесе, сынақ тапсыру үстінде ұсталған талапкердің нәтижесі жойылып, ағымдағы жылы сынақ тапсыру құқығынан айырылатын болады.

ҰБТ тапсырылып біткеннен кейін 5 тамызға дейін бейнебақылау жазбалары талданады. Бейнебақылау жазбасынан талапкердің тыйым салынған затпен сынақ тапсырғаны анықталған жағдайда, ҰБТ мен білім беру гранатының нәтижелері жойылатын болады. Сонымен қатар, түлектерге биыл 5 дезинфекциялау түрі қарастырылады. Атап айтсақ, олар - дизинвекциялау тунелі, қолды және аяқ киімді тазарту, дене қызуын бақылау, бетпердені респираторға алмастыру.

Білім саласына қатысты ақпарат айдынындағы журналистерді толғандырып жүрген өзге де сауалдарға жан-жақты жауап берген баспасөз мәслихатының қонақтары өз кезегінде ата-аналарға ҰБТ-ға балаларымен бірге бармай, үйде тілекші болып күтсе деген ұсынысын жеткізді. Әлемді дүрліктірген вирустың қауіптілігін есткергені абзал екенін еске салды.

Асыл СҰЛТАНҒАЗЫ

Алматы облысы