АҚСАҚАЛДАРҒА ЖАУАП: ЖАҢАЛЫҚ АУЫЛЫНАН 600 ОРЫНДЫ ЖАҢА МЕКТЕП САЛЫНАДЫ

Уақыты: 11.06.2020
Оқылды: 2142
Бөлім: РУХАНИЯТ

Алматы облыстық «Жетісу» газетінің 18 сәуірде шыққан №42-44 санының «Hat&HALYQ» бетінде Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылының ақсақалдары жазған «Сөз емес, іс керек» тақырыбындағы мақалаға (бұл мәселе 7-su.kz сайтында да көтерілген) төмендегідей жауап ұсынамыз:

Мақалада ауылдағы үш ауысымды мектептің мәселесі көтерілген. Үш аусымды мектептердің мәселесі облыс үшін өзекті болып отыр. Жаңалық ауылындағы І.Жансүгіров атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар №37 жалпы білім беретін орта мектептің 1-нші ғимараты 2000 жылы, 2-нші ғимараты 2015 жылы салынған. Барлығы 460 орынға арналған мектеп 2 ғимараттан тұрады.

Қазіргі таңда білім ошағында 1 мың 570 оқушы білім алуда. Ауылдағы мектептке баратын бала санының көптігінен бұл білім ошағы үш ауысымды мектептер қатарына енгізілді. Ауыл Алматы іргесіне жақын болғандықтан халық көп қоныстануда. Осыны ескере отырып алдағы уақытта 600 орынды жаңа мектеп салу жоспарланған. Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжатының жұмыстары жасалуда.

2020 жылдың 18 қазанында құжат толығымен аяқталуы тиіс. Мемлекеттік сараптаманың оң шешімін алғаннан кейін 2021-2022 жылдары 600 орынды жаңа мектеп салынады.

Інжу ЗАМАНБЕК,

Алматы облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы