"АБАЙ КҮНІ": ҚАЗАҚСТАН КҮНТІЗБЕСІНЕ ТАҒЫ БІР МЕРЕКЕ ҚОСЫЛДЫ

Уақыты: 06.08.2020
Оқылды: 1247
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып белгіленді. Бұл жайлы Рrimeminister.kz хабарлады.

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 53, 343-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі: мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: «22-1. Абай күні – 10 тамыз».

2.Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А.Мамин", - делінген ресми құжатта.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан