ДУЛАТ ИСАБЕКОВ: "ТОЙҒА ТОПЫРЛАП БАРА БЕРСЕК, ІНДЕТТЕН ҚҰТЫЛМАЙМЫЗ"

Уақыты: 24.08.2020
Оқылды: 926
Бөлім: РУХАНИЯТ

Елімізге белгілі жазушы Дулат Исабеков коронавирус індетін жеңу үшін сабыр сақтап, тойға барудан бас тарту керек екенін айтты.

- Менің де баратын жерім көп, бірақ бара алмаймын. Туған құдам қайтыс болғанда да бара алмадым. Топырақ сала алмай қалдық. Адам аяғы сиреген соң, 2-3 адам ғана болатынын білгеннен кейін қырқына барып келдім. Басқа кесел - кесел, бұл кеселдің беті жаман, - дейді Дулат Исабеков.

Ол халықты індет кезінде сабыр сақтауға шақырды. «Егер осылай айтқан сөзді тыңдамай, елемей, тойға топырлап бара беретін болсақ - бұл індеттен, бұл кеселден ешқашан құтыла алмаймыз. Осы есімізде болсын», - дейді ол.

"ҚАЗАҚПАРАТ"