ЖАҢА БАҒДАРЛАМА: ТАЛДЫҚОРҒАН КОЛЛЕДЖІНЕ ШЕТЕЛДІК СЕРІКТЕСТЕР ТАРТЫЛАДЫ

Уақыты: 30.08.2020
Оқылды: 1187
Бөлім: РУХАНИЯТ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Жастар жылының ашылу салтанатында жарияланған тапсырмасына сәйкес, «Жас маман» жобасы жүзеге асырылуда.

«Жас маман» жобасы «Жастар - ел тірегі» ұлттық жобасының құрамына кіреді. Жобаның негізгі мақсаты - сұранысқа ие өнеркәсіптік және сервистік мамандықтар бойынша жаңғыртуды және білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу.

Колледжде кадрларды дайындаудың халықаралық стандарттарын енгізу үшін шетелдік серіктестер тартылады. Шетелдік серіктеспен бірлесіп кадрларды дайындау бағдарламаларын жаңарту, оқытушыларды даярлау және оқу орны мен менеджмент процестерін жетілдіру бойынша жұмыс ұйымдастырылады.

Талдықорған жоғары политехникалық колледждінде халықаралық стандарттарға сәйкес, жаңа жабдықтар мен бағдарламалармен оқуды бастау ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастау жоспарланған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан