АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТАҒЫ БІР ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Уақыты: 02.09.2020
Оқылды: 942
Бөлім: РУХАНИЯТ

Жамбыл ауданына қарасты Жайсаң ауылында үш қабатты мектеп ғимараты қолданысқа берілді. Бұл туралы Жамбыл ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Орын тапшылығына байланысты үш ауысымда білім беретін 5 білім ошағының бірі болған Жайсаң орта мектебі енді бұл қиындықты артқа қалдырды.

300 орынды ғимаратта жоғары сыныптарға арналған 20 пән кабинеті бар. Зертханалары толық  жабдықталған. Заманауи техникалық құралдармен толықтырылған. 20 интерактивті тақта, 130 компьютер, мәжіліс залы жұмыс істейді. Оқушылардың дене шынықтыруына, бос уақыттарын тиімді пайдалануына қолайлы кең спорт залы да тартымды әрі жайлы және мектеп ауласында спорттық ойындарға арналған екі алаң салынған.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"