ТАЛДЫҚОРҒАН ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНЕ ЖАҢА ЖАБДЫҚТАР ӘКЕЛІНДІ

Уақыты: 19.10.2020
Оқылды: 2070
Бөлім: РУХАНИЯТ

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі 2020 жылы республика бойынша кадрларды дайындауда үздіктер қатарынан танылып, ІТ және құрылыс және комуналдық шаруашылық саласы бойынша «Жас маман» жобасына енді. Бұл оқу орны үшін материалдық-техникалық базаны халықаралық талаптарға сәйкес келтірудің бірегей мүмкіндігі.

Жоба шеңберінде жүзеге асырылатын негізгі 7 бағытты қарастылған. Олар: Құзіретті бағалау орталығы, Worldskills оқу-жаттығу жиыны, Стартап жобаларды әзірлеу, Халықаралық салалық аккредиттеу, Ірі кәсіпорындармен тығыз байланыс, Жұмыссыз халықьы оқыту және қайта даярлау және үздіксіз білім берудің экожүйесі болып табылады.

«Жас маман» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Талдықорған жоғары политехникалық колледжі IT және құрылыс және комуналдық шаруашылық салаларына арналған World Skills құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік беретін жабдықтар алуда.

Атап айтқанда, ІТ саласы бойынша «Графикалық дизайн» құзыреттілігі бойынша - графикалық иллюстрацияларды жасауға арналған графикалық планшеттер. 2*2 метрден жоғары сапалы басып шығаруға арналған кең форматты принтерлер әкелінді.

«Желілік және жүйелік әкімшілендіру» құзіреттілігі бойынша - телекоммуникациялық тіреу, Dell R630 сервері, серверлік жабдықты жинақтауды, монтаждауды, баптауды және қызмет көрсетуді жүргізуге арналған Cisco коммутаторлары мен маршрутизаторлары алынды. "3D-Модельдеу және бұйымдарды прототиптеу" құзыреттілігіне бөлшектерді жобалаумен конструкторлық бұйымдарды модельдеу кезінде білім алушылардың қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалануы үшін жағдай жасауға арналған 3D-принтері биылғы оқу жылында қолданысқа берілді.

«Бизнеске арналған IT-шешімдер» мамандықтарына өндірістік жағдайларды модельдеу кезінде өнімділікті арттыру мақсатында тоғызыншы буын микропроцессоры бар жаңа компьютерлері алынды. Сонымен қатар, «Мобильді робототехника» мамандығы үшін  робототехника бойынша мобильді роботты құрастыруға арналған роботын құрастырушы және «Ақпараттық және кабельдік желілер» құзыреттілігі бойынша «Мыс құрылымдық кабельдік жүйелерді монтаждау және пайдалану», «Оптикалық-талшықты құрылымдық кабельдік жүйелерді монтаждау және пайдалану» типтік оқу жиынтықтары сатып алдынды.

Ал құрылыс және комуналдық шаруашылық саласы бойынша «Жас маман» жобасы негізінде, заманауи, халықаралық стантартарға сай өндірістік станоктар, қондырғылармен жабдықталған. Осы қондырғыллар негізінде аталған мамандықтың бес компетенциясы бойынша, атап айтар болсақ: «Тас қалау» құзіреттілігі бойынша тас кесу станогі, «Плиткамен қаптау» Лобзин станогі, «Битон жұмыстары» бойынша дірілдеткіш рейкасы, ажарлау машинасы, бетон араластырғыш, нағаздау машинасы және жылыту пушкасы және құрылыс саласында пайдаланатын перфаратор, шрупавер, бұрыштау шлиф машинасы сияқты электронды құрылғылар алынып,  WorldSkills стандерттарына сәйкес жүргізілуде.

Жоба аясында сатып алынған жабдықтардың барлығы еуростандарттарға сәйкес жасалған және аталған мамандықтар бойынша құзыреттілік орталығы болуға мүмкіндік береді. Колледж базасында WorldSkills чемпионаттына дайындық лагерін ашуға, білім берудің эко жүйесін құруға, өндіріс орындарын тікелей байланыс орната отырып, бизнес орта құруға бірден бір мүмкіндік болып табылады.

Талдықорған жоғары политехникалық колледжі