МҰҚАҒАЛИДЫҢ 90 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА ОРАЙ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 18.01.2021
Оқылды: 1757
Бөлім: РУХАНИЯТ

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Тас жүректі тіліммен тілімдедім» атты байқау жариялады. Байқау облыс көлемінде ұйымдастырылады. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

1.Байқау екі бағытта ұйымдастырылады:

1) «Қазақтың қара өлеңі – құдіретім» бағыты. ​Мұқағалиға арнау өлеңін (бұрын еш жерде жарияланбаған) жазбаша жолдайды және ақынның бір өлеңін мәнерлеп оқып, әлеуметтік желідегі аккаунттарымызды (Фейсбук, Инстаграм - үстінен басыңыз) белгілеп жариялайды. Сондай-ақ, #Мұқағали90жыл хештегін міндетті түрде жазуы тиіс. Мәнерлеп оқу ырғағына және бейнеүзік сапасына мән беріледі;

2) Мұқағали шығармашылығындағы ұлттық таным.

​Бұл бағытта Мұқағали шығармашылығындағы ұлттық таным, ұлттық код пен болмыстың мәнін ашып, зерттеу мақаласын жазады. Шығарманы бағалауда мазмұнына, идеясына, құрылымына, көркемдігіне және тақырыптың жан-жақты ашылуына мән беріледі. Әр автордың шығармасы Times New Roman қарпімен, 1,5 интервалымен, 14-кегльмен терілуі тиіс және 3 беттен кем болмауы шарт.

2.Байқауға 18-45 жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.

3.Байқауға барлық шартқа сай (техникалық, мазмұндық және басқа) әзірленген шығармалар қабылданады.

4.Ұсыныстар 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап, 5 ақпанға дейін қабылданады. Материалдардың электронды нұсқасы, қатысушының аты-жөні, тұрғылықты мекенжайы, телефон нөмірі, электронды мекенжайы туралы ақпарат (жеке куәлігінің көшірмесі) басқармаға ұсынылады.

5.Байқауға келіп түскен шығармаларды танымал қаламгерлерден құрылған қазылар алқасы сараптайды. Қазылар алқасының шешімі қайта қарауға жатпайды.

6.Байқауға түскен барлық шығарма іріктеліп, үздік деп танылғаны басқарманың ресми сайтында және «Мұқағали» республикалық әдеби-мәдени танымдық журналында жарияланады.

7.Жеңімпаздарды марапаттау уақыты қосымша хабарланады.

Біздің мекенжайымыз: Талдықорған қаласы Қаратал шағынауданы, 36 Б, Тіл сарайы, 21 кабинет. Байланыс телефоны: 8(7282)40-01-62, 8 700 980 50 83, факс: 30-59-50, e-mail: arsalan.aidana@mail.ru

Ескертпе: ұсынылған материалдар (арнау өлеңдер мен зерттеу мақалалар) плагиатқа тексерілетін болады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"

Сурет - ғаламтордан