Жарқ етіп жайдыңжанары, Бұлт көшер көктежабағы. Табиғат жанынтолқытқан, Анамның нұрлы жамалы. Жүзіне қонған жылылық, Болмысы тұнған ұлылық. Кимешек киген ақ әжем, Жылдарың қайдажылымық?! Дәуірдің алтын дәніндей, Заманның асқақ әніндей, Құндылық көшті дәуірден, Балбалдың аққан әріндей....
АРУЛАР МЕЙРАМЫ Көбесі қардың сөгіліп, Шуағы күннің төгіліп. Көктеммен бірге бусанып, Кең далам жатыр керіліп. Қыс бойы тұрған құрсанып, Жер-ана жатыр бусанып. Тіршілік біткен оянды, Шуақты нұрға бір қанып. Көктемнің самал лебіндей, Жайлаудың шалғын көгіндей. Әйелдер деген бір әлем,...
«Бақ қайда тойда өлең бастағандай, Жаманды ұрмай-соқпай жасқағандай. Өзі кетсе жақсының сөзі қалар, Артына алтын үйіп тастағандай», - деген халықтың қара өлеңінде айтылған сондай жақсы ақынның бірі – Мұқағали Мақатаев. Ол кісі артына мол мұра, сандық-сандық қазына қалдырып кетті...
Немерем: «Ата, тәуелсіздік деген не?» - деп сұрады. Айналайын, тілің бал да жаның нұр, Тәуелсіздік – ол әсем ән, жалын жыр. Әлемдегі бар байлықтың бастауы, Ең алдымен, басқа қонған бағың бұл! Шалқып-тасқан мерейім бұл, мақтаным, Бақыт, бақтан бас айналған шақ...
Елбасы: Тәуекел дедім! Ант еттім Тәуелді болып көнбеске. Құбылаға басты берсем де, Құлдыққа елді бермеске! Қандастарымның марқасқа Сарсаңға басын салмасқа, Түбегейлі де тұтас боп, Тұтқанда қапы қалмасқа! Кіруге қалың кеңеске — Кеңессем, тұрар ел есте. Қарғамау үшін бізді ертең Бүг...
Қазақ әдебиетіне қарымды қаламы арқылы сүбелі үлес қосқан бірегей тұлғалар, дарынды ақын-жазушылар Жетісу топырағынан көптеп шыққан. Алатау мен Алакөл, Аспантау мен ақжал толқынды Балқаш көлі арасын алып жатқан атыраптың арасында өмірге келген әрбір сөз иесі руханият қоржынына жақұт туындыларын салы...
Ғафу Қайырбеков: «Қасым – қазақтың ұлттық ақыны», - дегенді дәл тауып айтқан ғой. Қасым Аманжолов өз шығармашылығында Қазақтың елі мен жерін, ұлы мен қызын аспандата жырлаған мықты ақындардың алдыңғы легінде. 1940 жылдары, кеңестік идеологияның күйіп тұрған кезінде: - Ей, тәкапп...
...Мұқағали ақынның адам қолымен емес,табиғаттың тылсым күшімен сомдаған алып бейнесі Алатаудың бір сілеміне көрік беріп тұр. (Газет мақаласынан). Ғажайыпқа сен мұны бала, мейлі, балама, Тылсым сыр көп өмірде сыймайтұғын санаға. Қарасазын сағынып, жырларындай ағылып, Туған жердің тасына өніп...
Өлеңшөптің иісі Жанарымда бүтін ғалам, жүрегімде жарты әлем, Өлеңіммен егіз өмір, сөзбен биік мәртебем. Өлеңшөбі құмарлыққа сүңгітеді шайырды: Табиғат та толғатады... қара тас та мәрт ерен. Топырағыңды сүйдім сенің, Қоңырөлең, көктемде, қара жерге Тәңір ақ қар – «...
«Қадір түніндей қадірле тәуелсіздіктің әр күнін» деп бір айтыста ақындар арайлы азат таңның қадірін тілге тиек етіп еді. Біз кеңестік дәуірді көрмеген, мойнына қызыл галстук байлап, күн-көсемге табынбаған, тәуелсіздікпен құрдас буынбыз. Десе де бодандық құрсауынан шығу үшін халқымыздың қ...