ҚҰРБАН АЙТ – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ БЕЙНЕСІ

Уақыты: 09.07.2022
Оқылды: 2063

Құрметті Жетісулықтар!

Баршаңызды әлемдегі күллі мұсылман қауымы үшін ең ұлық мереке – қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!!

Құрбан айт күндері адам баласының бір-біріне құрметі мен ілтипаты, бауырмалдығы арта түседі, бұл жақындарға қамқорлық көрсетуді және мұқтаждарға жанашырлықты бейнелейтін мұсылман мерекелерінің маңыздысы.

Құрбан айт - қайырымдылық пен кеңпейілділіктің бейнесі. Алланың разылығы, ел-жұрттың амандығы үшін құрбан шалынып, қазан асылатын, мерекелік дастархан жайылып, ағайын-туысқа айттық беретін Құрбан айт мейрамы отбасыларыңызға ырысы мен берекесін ала келсін.

Баршаңызды бүгінгі ұлық мерекемен құттықтай отырып әрбір шаңыраққа амандық, бақыт, бейбіт өмір мен береке, кәсіптеріңізге адалдық пен өрлеу тілеймін! Құрбан айт мейрамында тілеген тілектеріңіз бен шалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын.

Құрметпен, Жетісу облыстық мәслихатының хатшысы Гүлнәр Тойлыбаева