ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУ РӘСІМІ ОНЛАЙН АРҚЫЛА ДА ӨТКІЗІЛЕДІ

Уақыты: 08.07.2022
Оқылды: 1671

Биыл Құрбан айт мерекесі 9 шілдеде басталып, 12-ші шілдеге дейін тойланбақ. Бұл мереке – мұсылман халықтарының екі ұлық мерекесінің бірі. 

Жалпы, Құрбан айт мерекесі – мұсылмандардың ұлық мейрамының біріне жатады. «Құрбан» сөзі араб тілінде «жақындау», яғни жасаған ізгі-сауапты істер арқылы жүректі тазартып, Аллаға жақындай түсу дегенді білдіреді. Ал шариғаттағы мағынасы: «Арнайы шарттарымен санаса отырып, құлшылық ниетімен мал бауыздау» деген сөз. 
Биыл құрбандық шалу рәсімі онлайн qurban2022.kz веб-сайты (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сайты) арқылы және оффлайн форматта өткізіледі. Сондай-ақ, мұқтаж жандар да құрбандық етін алуға өтініш бере алады.
Халқымыз құрбандық шалумен қатар көмекке аса мұқтаж жандарға сауапты амалдар жасау арқылы ислам дінінің дәстүрлерін нығайтуға қомақты үлес қосады.
qurban2022.kz сайты үш бөлімнен тұрады:
•    құрбан малын шалу үшін тапсырыс беру;
•    құрбандық етін алу үшін өтініш қалдыру (мұқтаж жандар үшін);
•    құрбан шалынғаны туралы мәлімет.
Тапсырыс беру кезінде ең алдымен өңірді таңдау қажет. Кейін аты-жөніңіз бен телефон нөміріңізді жазып, шалуға ниетті құрбандық малын белгілейсіз. Құрбандыққа қой, ірі қара, ешкі және түйе ұсынылады. Ірі қара мал мен түйені бір немесе жеті адам бірлесіп таңдай алады. Ал қой мен ешкіні бір адам таңдайды. Одан кейін экранда құрдан малының құны шығады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"
Сурет ғаламтордан алынды