ПРЕЗИДЕНТ КІШІ ҚАЖЫЛЫҒЫН ӨТЕП, ҚАСИЕТТІ ҚАҒБА ІШІНДЕ НАМАЗ ОҚЫДЫ

Уақыты: 25.07.2022
Оқылды: 1717

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Меккеге барып, кіші қажылығын өтеді. Бұл туралы "Ақорда" хабарлады.

"24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам әлемі үшін қасиетті мекен – Мекке қаласында ұмра немесе кіші қажылығын өтеді. Президент Қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болды. Оның есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылады. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, қажылық рәсімі бойынша қасиетті Қағба ішіне кірген адам екі рәкат намаз оқып, дұға-тілек жасайды.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"