Нұрлан Байжігітұлы: "адамға зияны келмейтін адам ораза ұстауы керек"

Уақыты: 29.03.2023
Оқылды: 1130

Бұндай пікірді көпшілікке "Нұрлан Имам" атымен белгілі Нұрлан Байжігітұлы оқушылардың ораза ұстауына қатысты сұраққа байланысты айтқан.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы "Астана" телеарнасы дерегіне жүгіне отырып хабарлайды.

Жастар арасында да танымал имам оқушы ораза ұстаған жағдайда денсаулығы мен оқуы ең маңызды дүние екенін айтады.

"Балалар балаға қарап еліктеп, ораза ұстауы бұл қоғамның түпкі тәлім-тәрбиесіне келіп тіреледі. Ол да бір үлес. Бірақ ораза ұстаған балалар бір нәрсені аңғаруы керек. Денсаулығына қарауы керек. Жалпы оразаның негізгі шарты сол ғой, адамға зияны келмейтін адам ораза ұстауы керек. Ораза арқылы басы айналып құлап қалмауы керек, оның оқуына зияны тимеуі керек. Сабақта отырып, ұйықтап қалатындай болмау керек".

 

Фото: ғаламтордан

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ