Талдықорғанда діни бірлестік өкілдері қатысуымен жиын өтті

Уақыты: 19.04.2023
Оқылды: 628

Талдықорғанда «Жетісу облысы дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының» ұйымдастыруымен «Дінаралық келісім - қоғам тұрақтылығының кепілі» атты діни бірлестік жетекшілерінің отырысы өтті.

Жиынға облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Карбозұлы қатысып, Жетісу өңіріндегі дінаралық келісім мен облыстық қоғамдық даму басқармасының бірлесе атқарар жұмыстары талқыланды. 

Басқосуда Жетісу облысының бас имамы Алмас Данағұлов, Талдықорған қаласының «Астана және Алматы Епархиясының «Иоанно-Блогословский соборы» Приходының настоятелі иерей - Александр Александрович Матлашов, «Мәриям Патшайым Рим-католик махаласының» жетекшісі - Шульчус Каститис, Ескелді ауданының бас имамы Мұхамед Ордабай және Жетісу облысы бойынша «Агапе» Інжіл сенімі Христиандарының шіркеуінің жетекшісі Цой Дмитрий Юрьевич сөз сөйлеп, қоғамның тұрақтылығы, ынтымағы мен бірлігі туралы өз ойларын ортаға салды.

"ЖЕТІСУ" АҚПАРАТ