Құрбандық шалудың тәртібі мен талаптары қандай?

Уақыты: 13.06.2024
Оқылды: 397

Енді санаулы күндерден кейін қүллі мұсылман қауымы асыға күткен Құрбан айт мерекесі. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шариғат және пәтуа бөлімінің мәліметінше,6 маусым кеште жаңа айдың көрінуіне байланысты 7 маусым зул-хижжа айының басталуы, ал, 15 маусымарапа күні,маусым айының 16 – Құрбан айттың бірінші күні деп хабарланды.

Осыған байланыстыдіни басқарма жалпыелдегі кәсіпкерлерді азық-түлік пен мал бағасын өсірмеуді, жұрттың қалтасымен санасуға шақырады. Халыққа, әсіресе үлкен қалаларда тұратын жамағатқа оңтайлы болу үшін биыл да құрбан шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асырылмақ.Дінибасқарманыңтапсырмасына  сай елдеqurban2024.kz сайты іске қосылған. Бұл сайт арқылы әрбір азамат өзі тұрған өңірді таңдап құрбандық шалуға тапсырыс бере алады. Әрі мұқтаж адамдардың ет алуға деген өтініштері де сол сайт арқылы да қабылданады. Сонымен бірге әр аймақта тазалық талаптарын сақтай отырып, қасапшылар малды сою жұмыстарын атқармақ.Хадистерде зұлхижжа айының алғашқы он күнінде әрбір мұсылманбаласы ықыласпен ғибадат етіп, көбірек ізгі ниетпен жақсылықтар жасауға тырысу тиіс. Өйткені, сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылады деп анық айтылған.

Құрбан айт күні орындалатын ұлы амалдардың бірі – құрбан шалу.Осы орайдақарапайым халықтан «Құрбан айт намазы қай мезгілде,қалай оқылады, құрбандық малын шалудың тәртібі қалай?» - дегенсауалдардың жиі қойылатыны анық.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жетісу өңірі бойынша бас имамы Керімбек Дәуітоваталған сұрақтарға былай деп жауап береді.

Бас имамның сөзінше, бекітілген уақыт кестесі бойынша биыл Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда айт намазы жергілікті уақыт 16 маусымтаңертеңгі сағат 6да оқылмақ.Аллаһ Тағала қасиетті Құран Кәрімде: «Намаз оқы және құрбан шал»,– деп кәусәр сүресінің 108/3 аятында әмір еткен. Негізі құрбан шалу уәжіп. Құрбан шалатын адам мұсылман болуы, жолаушы емес,  85 грамм алтынның құнына тең келетін ақшасы немесе дүние-мүлкі барадам болуы тиіс. Құрбандыққа шалынатын малдың 12 мүшесі сау,көзі соқыр, аяғы ақсақ,құлағы шұнақ болмауышарт.Құрбандық малы айт намазы оқылып болған соң арнайыдұға жасалып шалынады. Малдың басын құбылаға қаратып «Бисмилләһи Аллаһу Акпар», – деп жанын қинамай бауыздаған дұрыс.  Мұнда түйе 5 жасқа, сиыр –2, қой мен ешкі 1 жасқа толған болуы керек. Ал, түйемен сиыр малын 7 адамға дейін бірлесіп, қоймен ешкіні бір адамның атынан арнап шалуға болады.Көпшіліктің есіне сала кететін тағы бір нәрсе сойылған малдың бездерін жеуге мүлде болмайды.Малдың аққан қаны, аталық-аналық мүшелері, дорба бездері, қуығы және өтін жеуге тиым салынған.  Өйткені, Алла тағала Құранда: «..Жақсы нәрселерді олар үшін адал етіп, жек көрінішті жаман нәрселерді харам етті»[19], – дей келе, пенделерін таза азықпен азықтануды білдірген. Ардақты Пайғамбарымыздан келген мүрсәл бір хадисте: «Алла Елшісі қойдың мына ағзаларын (харамға жақын) мәкрүһ санайтын: аталық-аналық мүшелерін, дорбасын, бездерін, өтін, қуығын, қанын» делінген[21]. Сонықтан да мұндай шектелген мал ағзасын жеп қоюдан сақтанған жөн.

Мереке күндері құрбандық малын сатушылар бұрынғыдай кез келген орында тұрып сатуына рұқсат жоқ. Талдықорған тұрғындары үшін қаладағы «Тәубе», «Жетісу», «Еркін» сынды бірнеше мешіттердің аумағында арнайы мал сататын орын белгіленген. Ал, мал сою жұмыстары Талдықорған қаласы 3-ші бөлімшедегі, Қ.Жалайыри даңғылы 2Б нөмірлі мекен жайда орналасқан арнайы мамандандырылған қасапханада атқарылмақ.Онда сойылған малдардың, ішек-қарны тазаланып, бас-сирағыүйтіліп,алдын ала жасалған тізім бойынша еріктілердің көлігі арқылы әрбір мұқтаж адамдардың отбасына жеткізіп беру де көзделген.Талдықорған қаласы аумағындағы мешіттерде жылына көптеген құрбандық малы шалынып, мұқтаж адамдарға арнайы ет және азық-түлік таратылып, тиісті көмектер көрсетіледі. Мұндай қайырымдылық шаралары биыл дажалғасын тауып, аймақтағы «Балалар үйі», «Қарттар үйі», жетім-жесір, мүмкіндігі шеқтеулі жандармен көше тазалықшысы сынды қарапайым жұмысшыларға дейін ет үлестірілмек. Келе жатқан Құрбан айт мерекесі құтты, әр шалынған құрбандыққа оқылған дұға тілеқ қабыл болсын! – дейді өңір имамы.

Айдын КӘЛІМХАН
Фото: malim.kz