Жетісу облысының дін істері басқармасы әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру негізінде «YERKIN» Өнер Академиясы» жастар қоғамдық бірлестігі «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын-алу, деструктивті діни ағымдар идеологиясына қарсы насихат, дерадикаландыру және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу тәжірибесін қалыптастыру бойынша өңір имамдары үшін оқыту курсын ұйымдастыру және өткізу» жобасын жүзеге асырды.
Жобаның мақсаты – діни саладағы өзекті мәселелерді талқылау, аталған бағытта ақпараттық түсіндірме жұмыстары мен түрлі шаралар ұйымдастыру, Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы» мен «Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың мемлекеттік жүйесін дамытудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары мен дін саласын реттеуге бағытталған өзге де заңнамалық актілерді орындау бойынша және өңірдегі діни мәселелерді шешуге ықпал ете отырып, жамағатқа жете түсіндіруде имамдардың үйлесімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету. Мешіт жамағатының арасында кездесетін деструктивті діни идеологияның алдын алу, теріс бағытта жүрген азаматтарға тиісті негіздермен түсіндіріп бере алатын және ДДА ұсытанушыларымен оңалту жұмысын жүйелі атқаруға қабілетті, интернет кеңістікте қарсы насихаттау жұмыстарын жүзеге асыра алатын білікті имамдар корпусын қалыптастыру.
Жобада Жетісу облысы аумағындағы ҚМДБ мешіттерінде қызмет атқаратын 40 дін қызметкері екі апталық курстан өтті. Сабақ 2024 жылдың 23 шілде мен 7 тамыз күні аралығында Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті базасында ұйымдастырылды.
Курста «IHSAN» ғылым және мәдениет орталығының төрағасы, РАТТ мүшесі, Теология ғылымдарының PHD докторы Нүсіпханов Тимур Нүсіпханұлы«Ислам тарихы» тақырыбында және ЖУ профессоры, Философия ғылымдарының PHD докторы Альмухамбетова Бибігуль Жексенбайқызы «Дін психологиясы» тақырыбында, ЖУ аға оқытушысы, Социология ғылымдарының магистрі Енсеева Венера Тұрсынақынқызы «Дін социологиясы», ЖУ аға оқытушысы, Заң ғылымдарының докторы Ашимова Динара Ибрагимқызы «Құқықтану» Діни рәсімдерді орындаудағы заңдылық мәселесі тақырыбында, НМУ профессоры, PHD докторыӘділбаев Алау Шайқымұлы«Ақида және фиқһ ілімдері» тақырыбыда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану. Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, магистр.РФ МосГУ аспирантыМайлықұтова Мәрия Жұмақожақызы«АТЖ жүргізудің жаңа тәсілдері» (ораторлық өнер), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, Ph.D докторы Аманқұл Темур Оралбайұлы«Кибер қауіпсіздік және ДДА-ға қарсы насихат» тақырыбында дәрісоқыды.
Жетісу облысында 11 конфессияға тиесілі 258 діни бірлестік және олардың филиалдары қызмет атқаруда (206 - исламдық, 17 - Орыс-православ, 3 - Рим-Католик, 30-протестанттық, 1 - Ехоба куәгерлері, 1 - Бахаи қауымдастығы).
Барлығы 319 діни қызметкер бар (251 - исламдық, 66 – христиандық, 2 - Бахаи қауымдастығы).
Қатысушыларға арнайы дайындалған ақпарттық үлестірмелі буклеттер берілді.Осындай маңызды әрі мазмұнды ақпарттар ұсынылып, талқыланған он бес күндік семинарға қатысушылар тәжірибеде қолдану үшін пайдалы көптеген қызықты және ғибратты мағлұматтарға қанығып қайтты.Курс соңында дін қызметкерлері оқудан өткендігін растайтын сертификаттармен марапатталды.
Дана АХМЕДОВА