НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ЖЕТІСУ ИМАМДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Уақыты: 28.11.2024
Оқылды: 328

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Жетісу облысындағы жұмыс сапарында өңір имамдарымен кездесті. 

«Қазір қоғам өнегелі рухани ұстаздарға мұқтаж. Дін қызметкерлеріне арналған жиындарда қоғамның рухани қажеттілігін өтеуде имамдардың белсенді болу қажеттігін үнемі қаперге салып келемін. Бұл істе табандылық пен тұрақтылық танытсақ, мемлекетіміздің болашағына үлкен үлес қосатынымыз анық. Алла Тағала құдси хадисте:  «Құлымның ғибадатының маған ұнамдысы – Мені танытуы мен Менің атымнан насихат етуі», – деген Бас мүфти бұл хадис барша дін қызметкеріне үлкен жігер беретіні сөзсіз екенін жеткізді.

Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы имамдық қызметтің маңызы мен жауапкершілігіне тоқталып, дін қызметкерлерінің жұмысына сәттілік пен береке тіледі.

Фото: muftyat.kz