АУЫЗ БЕКІТЕСІЗ БЕ? БИЫЛҒЫ РАМАЗАН АЙЫНЫҢ УАҚЫТЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Уақыты: 06.01.2020
Оқылды: 2686

2020 жылдың Рамазан айы қай кезде басталатыны белгілі болды. Бұл туралы ақпарат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми сайтында жарияланған.

Аталмыш ресми сайтта көрсетілген кестеге сәйкес, Қазақстанда Рамазан 25 сәуір күні басталады. Ал мамырдың 20-нан 21-не қараған түн - Қадір түні. Ораза айт 24-26 мамыр күндерімен сәйкес келеді. Құрбан айт 31 шілде мен 1-2 тамыз күндері аралығын қамтиды.

Діни басқарма өкілдері Хижри айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының мәліметтері негізінде жасалғанын, діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екендігін ескертеді.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"